Немістердің қазақтарға таратқан листовкасы
Соғыстың алғашқы айларында немістердің қазақтарға таратқан листовкасы. Бұл листовканы Түркістан легионы туралы постыма суреттер іздеп отырған кезде тауып алған едім. Енді соны бөлек бөліскім келіп отыр.
ҚАЗАҚТАР!
Көп жылдардан бері большевиктер мен жүхүттер (жөйттер) қол астында езілдіңіздер. Олар сіздерді ұрды, соқты, тұтқынға алды, мыңдаған кінәсіздерді Сібірге айдады. Сіздерді зорлықпен колкозға кіргізіп, еріксіз құл қылды. Өлім алдындағы большевиктер — Сталин қазір де сіздерді қойдай топтап, өздерін сақтап қалмақ үшін біздің оққа қарсы айдап жатыр, сіздер біздің күшті құралымыздың қарсысында босқа құрып кетесіздер. Өткен июль айында сіздер үйлеріңізде едіңіздер, ал қазір Сталиннің диктатурасы үшін сіздерді өлімге, фронтқа айдап келді.
Сіздерге өш алатын күн туды. Күнәсіз өліп кеткен бауырларыңыз үшін өш алыңыздар!
Орыс большевиктер жендеттеріне жәрдем бермеңіздер!
Герман елі сіздерге қол үшін созды!
Герман әскерлері Еділдің бірқатар белгілі жерлеріне келіп жетті.
Герман әскерлері сіздерге қарсы соғыспайды, олар сіздердің дұшпандарыңызға қарсы соғысады.
Біздің жаққа өтіңіздер, аз күнде бостандық алып, жұртыңызға қайтасыздар.
