Кетер қызды керіп қалу керек...
Қытай асып кеткен қыз. Лондон олимпиадасында Қазақтың өңіріне алтын таққан зілтемірші зүльфия Чинчанло еліне кетті.
Тарихи Отаны Қытайға. Бұл туралы БАҚ кз сайты хабарлады. Қытайдың «Sohu.com» атты ақпараттық сайты бүгін Зүльфия Чиншанлоның Қытайға қайта оралып, 2016 жылғы Олимпиадаға Қытайдың атынан шығуға ниетті екендігін жазыпты. Алтынды қызды Қытай да құшақ жая қарсы алғанға ұқсайды. «Иоң Джоу Дао ауданында туылған зілтемірші қыздың шын аты Джао Чаң Лиң. Ол бірнеше күн бұрын туған жеріне оралды. 22 қазан күні Чаң Ша қаласы, Иу Хуа қаласының полиция басқармасына барып жеке куәлік жасатты.» Бұл қытайлық сайттың ақпараты. Сондай-ақ, сайтта Зүлфияның пікірі де бар. «Ең маңыздысы, мен кез-келген уақытта ащы тағамдар жей алатын болдым» Бұл біздің ту астында өнер көрсеткен қыздың бар айтқан түсініктемесі.
Туған жерде ұлтан болды деген осы, жат елде алтын тістегеннен, өз елінде ащы тағам жеймін дегені де…
