Едігенің зары
Талқыға түсетін тақырыптар жоғалып барады. Белсенділер айып көрмесін… ешкімді кінәләмаймыз да… Ортада салбырлық үрдісі жалғасуда… Себебі қандайда бір тақырыпты бір ғана каментімен "өртке" айналдыратындар бас сұқпай қойды… Тұрмыстық қажеттілігі басым KILYZAMAN көрінбей кетті… Өз ойын толық жеткізгенше басылмайтын Gastarbaiter кірмей жүр… monti да жоқ… тағысын тағы… satibaldi мүлдем кетті…
ехххххххххххххххххххххххххх… тағы кімді айтайын… тағы нені айтайын…
Барлығының ортақ мүддесі болатын блокгампты 3 айда жасап тұрамыз ба…
edige
Қайран да қайран, керегім,
Бота болып келгендер
Бура боп қайтқан керегім…
Қыңырайып келгендер
түзуленіп шыққан керегім…
Заманды мың құбылтып,
Түрлендірген пікірін,
Қажеті басым тұрмыстық
Сатыбалдымен қырылып,
Азу тісін ақситқан,
Қилекең қайда, керегім?!..
Құм ішіндегі жалғызым,
Жалғызым емес, жалмауызым
Әркімге бір қыңырайған
Гаста қайда, керегім…
Мынау заман зар заман,
Кетті ау сорға тар заман…
Жастық шақтық керегім,
Жарлысы мен байы тең
Жабысы мен тайы тең
Жары менен сайы тең
Ботташығы бұзаудай
Болып ең ауу, керегім…
… Біз де міне қартайдық,
Сол заман еске түскенде
Еділін аңсап жылаған
Қазтуған шалдай отырмыз…
Қайран да қайран керегім
Өтті ме мүмкін кезегім…
Бақасы қойдай шулаған
Шырмаулығы шөккен түйе таптырмас
Балағы көлге жылқы жаптырмас
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас
Қайран менің Керегім
Мен салмадым, сен салдың
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Керегім!!!.....
