Ескі архив · 29.10.2012 02:30

Қара теңіз халық биі

youtu.be/VkK7C4MKqI0 Бұл түрік халық биі, бидің аты әр жерде әртүрлі айтылады: колбасты, хорон, хоптек, фароз кесмесі. Фароз балықшыларының балық аулау маусымы біткен соң билейтін хоптек биі деген деректер кездеседі. Бұл би ХХ ғасырдың 30 жылдарында пайда болған және 70 жылдары Еркан Оджаклының 'Колбасты түркісінен' кейін атағы жайыла бастаған. Бұл би Түркиенің Қаратеңізінде: Трабзон, Самсун, Орду, Фароз, Диірмендере, Арафильбойы, Бозтепе аймақтарында кең таралған. Қазіргі уақытта түрік жастарының арасында кеңінен танымал. Ешқандай хип-хоптың қажеті жоқ көңілді, жылдам қозғалысты би түрі. youtu.be/9C8OnTJrZSQ
Авторы:
kayipruh

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту