Ескі архив · 29.10.2012 22:27

Күз-көңіл

Бұлданған бұлттардан тамшылап Жаңбырлат, жапырақ-кілем күз. Ұрланған түндерден ән сұрап Мәдина қоштасқан күрең күз. Әркімді еске алып отырмын, Өмірдің күзі де келгендей Әр түрлі ой салып отыр мұң Жүз жасап, өмірді көргендей. Ендігі шарасыз шақтарда Саруайым артады күз-көңіл Белгілі-белгісіз жақтарға Әкетіп барады бізді өмір…
Авторы:
aigul_rakhmet

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту