Ескі архив · 02.11.2012 07:51

Қайтсем бақытты болам … (Don’t worry, be happy!)

Қазіргі бұлбұл заманда қылауы түспеген белсебет ойлап табу қиын да, көмескі аксиомаларды жаңашыл реалияға сәйкестендіру – актуальдылау. Күнделікті тіршілікте ірілі-ұсақты жағдайға толы мозаикада кейде әсіре әсершілміз, кейде алапаттарға міз бақпайтын гиперсалқынқанды шығармыз. Өмірдегі алуан ситуация көңіл-күйімізге әсерін тигізбей қоймайды. Кейбірі жаншиды, кейбірі қанат бітіреді. Сіздермен бірге мүмкіндігінше ауқымдырақ аудиторияға пайдасы тиеді-ау деген бақытты болудың алғышарты болуға тұрарлық тезистерді тізіп көруге талпынып көрейікші? Әрбіріміз ары кетсе жетеуден аспайтын «кілтпен» бөлісе отырсақ, әжептеуір бір мануал түзуге болатын сияқты. Мен ұсынатын кілттер: • Өзіңді бақытсыздыққа душар ететін әңгімеден бойыңды аулақ ұста. Біреуді алалама, өсектеме. • Біреуге жамандық тілеме, ақысын жеме. • Үнемі қозғалыста бол: жұмысыңдағы динамика баяуламасын, үйдегілеріңмен тек монотонды күндер емес, әртүрлі қызықты іс-шара өткізіп тұруға тырыс. • Өзіңізге, отбасы мен жақындарыңызға сюрприз жасап тұруға машықтаныңыз. Кейінгісі алдыңғысына ұқсамайтын болсын. • Мүмкіндігінше көбірек уақытыңызды жұмыс емес, отбасыңызбен өткізуге тырысыңыз. • Күнделікті уақытыңыздың жарты сағаттан аспайтын бөлігін алатын хобби тауып алыңыз. Әйтеуір бір қызығушылық болуы шарт. Сериал қарамаңыз. • Кейде көзге елене бермейтін, міндетті түрде елеулі бола бермейтін нәрселерден ләззәт алу дағдысына бой түзеңіз. • Мәзіріңіздегі ет пен ұннан жасалатын тағамдарды азайтып, есесіне жеміс-жидек жеңіз көбірек, ұйықтар алдын сүт ішуді әдетке айналдырыңыз. Сіз өзіңізді бақытты ету үшін тағы не жасар едіңіз? Кезек өзіңізде.
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту