Ескі архив · 07.11.2012 18:05

Әлемдегі ең ұзын

Өздеріңз білетіндей, кей жағдайда қоғамдық көлікте қыстырылысып, кейде соқтығысып жатамыз.Сосын мен осы қоғамдық көліктер туралы мәліметтер жинадым .Ақыры, осындай қызықты мәлімет алдым.Сол жайында ойларыңызды білейін деп, алдарыңызға ұсынып отырмын.Қалай ойлайсыздар, біздің елде болса жақсы болар ма еді? Әлемдегі ең ұзын автобус Германияда. Жолаушыларды тасмалдау үшін арнайы жаңа көліктің құрылысын ойлап тапты. Ол Германия елінің Фраунгофердің институтында жүзеге асты. Auto Tram ExtraGrand сипатымен, оның рекордтық өлшемдері болып табылады. Бұл көліктің биіктігі-3,5 метрді, ал ұзындығы-рекордтық 30 метрден келеді.Бұл қоғамдық көлік 256-ты адамды сыйғызады. Осы техникалық деректерге сүйенсек-әлемдегі ең ұзын автобус деген атқа тұратын секілді. Айтылмыш автобустың моторлы бөлігінде әдеттегідей қозғалғыштың ішкі жануы және электромотор жұмыс істеуі алғыр буданды қондырғы арқылы орнатылған.
Авторы:
SUN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту