Ескі архив · 07.11.2012 10:21

Жұлдызшалар

*** Ауылға бардым. Қой қораның қиын ойдық. Қидың арасынан өлген бозторғайдың денесі шықты. Қойдың үстіне жұмыртқалағысы келген болар сірә… *** «Еңкейгенге еңкей, әкеңнен қалған құл емес, Шалқайғанға шалқай, ол патшаның ұлы емес» деген мақал өтірік-ау деймін. Біреуге еңкейіп ізет көрсетсең, ол саған еңкеймек түгілі айналып кетіп, артыңнан бір тебеді. Басқасын істемегенге тәубе айтып кете барасың… *** Үйіңнен қою тамақ жеген кейбір жігіттердің, былай шыға соңыңнан сұйық сөз айтатынына үйрене бастадым. *** … Тауға да биік шығарсың Жауыңды жеңіп тынарсың Ағайын сенбей тұрғанда Досыңның көзін ұғарсы...-алып -қосарым жоқ екен. *** «Осы маған не жетпейді?» деп көп ойланатынмын. Жақында соның жауабын таптым. Маған ақша жетпейді екен. Бірақ, ол кімге жеткен дейсің?! Байлықтың түбіне жетем дегенше, ол сенің түбіңе жететіні де ақиқат. … «Осы неге басқа елдерде қайдағы жоқ қайыршылардың өзі лотереядан Джек пот ұтып жатады?-деп ойладым ұтыссыз „Казлотомды“ қоқысқа тастап жатып… …
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту