Ескі архив · 19.11.2012 11:40

Chance күнделігі: Бірінші техникалық қызмет

Өткенде одометрім істемей қалған еді ғой. Жаңа барып, сервис орталықтан істетіп алдым. Кепілдікке кіреді екен, тіпті сервис кітапшасында «Одометр ауыстыру» деген арнайы беті де бар екен: демек бұлардың одометрлері тез кетеді. Сервистері ұнады. Аздап сылбырлау, бірақ жалпы тұрғыда қызметтеріне көңілім толды. Процесін түсіндіре кетейін, кәделеріңе жарап қалар: • Барғаннан кейін сервис бөлімінің мамандарына жолығасың. • Сервис кітапшаңды, техпаспортыңды көрсетесің. • Механикке машинаңды тапсырасың. • Тез жөнделетін (1-2 сағат ішінде) жұмыс болса, буфетте күте тұруыңды сұрайды. • Буфеттен тех.орталық алақандағыдай көрінеді. — Қалай, қалай? — Алақандағыдай. — Қалай, қалай? — Алақандағыдай деймін, зайбал! • Шайыңды ішіп отырып көлігіңді бақылап отырасың. • Мамандар жұмыстарын бітіріп жатқанда, қайтадан сервис бөлімінің жігіттеріне барып, көліңіңді күтесің. • Машина дайын болғанда қолыңа кілтті тапсырады. Орталықтың ішіндегі буклеттерді ерігіп оқып жүріп қажетті техникалық қызмет көрсету құнын біліп алдым. Бірінші ТО 2 мың шақырым жүрген кезде өтеді екен. Майын ауыстырып, тартатын жерін тартып, бекітетін жерін бекітіп береді. 11 мың теңгеге шығады. Одан кейінгі ТО-лар 8 мың шақырым сайын, олардың бағалары сәл қымбаттау.Енді дән ризамын. Әзірше ешқандай ақауы жоқ, тап-таза машина.
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту