Ескі архив · 20.11.2012 11:17

Мұрат Өнал (видео)

Голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өналдың биылғы ойындарынан топтама видео. Биыл Қазақстанға келгісі келіп, басқа командалардың шақыруларынан бас тартқан Мұрат ұзақ уақыт командасыз қалып қойған еді. Кейін Финляндия 2-лигасындағы бір командаға өтіп, ол команданың 1-лигаға шығуына көмектесті. 12 ойында 7 гол соғып, 15 гол пасы жасаған. Видеодан байқағаным Мұраттың техникасы және пас мәдениеті жақсы дамыған. Қазақстанға келсе немесе Ұлттық құрамаға алынса жақсы болар еді.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту