Ескі архив · 26.11.2012 22:31

Мақтанба...

Қар… Мен қармын деп мақтанба, Ерімегенмен ақпанда, Ғайып болып кетесің, Күн нұрын төккен шақтарда… Күн… Мен күнмін деп мақтанба, Атқаныңмен ақ таңда, Жоқ боласың қара бұлт, Үйірілсе аспанда… Бұлт… Мен бұлтпын деп мақтанба, Ұқсайсың сен ақ қарға. Жоғаласың тентек жел, Іздеп сені тапқанда… Жел… Мен желмін деп мақтанба, Мейлі жасқан, жасқанба, Қаша алмассың кезіксең, Тау дейтұғын қақпанға… Тау… Мен таумын деп мақтанба, Кезі келген шақтарда, Адам деген тайсалмас, Аяғымен таптауға… Адам… Адаммын деп мақтанба, Көп күнаға батқанда, Тәубеге кеп үлгерсең, қуанасың… Топырақ, Бетіңді кеп жапқанда…
Авторы:
ademi_alem

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту