Ескі архив · 27.11.2012 09:49

Салмақты әзілдің жеңісі - "Экспресс" 2012 чемпионы

Биылғы ҚазКВН чемпионы ақтөбелік «Экспресс» командасы. Жоғары лигаға биыл ғана шыққан команданың финалға жетуінің өзін жетістік көріп, финалда көп ешкім жеңіс күтпеген еді. Алайда «Экспресс» 5 қарсыласын артта қалдырып, биылғы жылғы чемпиондықты жеңіп алды. «Экспресс» салмақты, ойландыратын әзілімен ерекшеленген команда. Осы жеңісті салмақты әзілдің жеңісі деп бағалаймын. Арзан әзіл жеңілді. Бұл оқиға қазақша КВН-ға революциялық әсер береді деген ойдамын. Бұдан кейін командалар жеңіләзілдікті қойып, әзіл сапасына көңіл бөледі деген сенімдемін. Жеңістерің құтты болсын «Экспресс»! сурет: instagram.com/p/Sf8o--mby2/
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту