Жолдасыңыз таз бас болса...
Шаш тарап жатып ақ шаш көріп қалсам, кәдімгідей көңіл-күйім түсіп кететіні бар. Сауалдар селі астында қалмасам да, жаратқанға ойша шағым айтып үлгерем ондайда.
— Әлі жап-жаспын ғой, мүшел жасынан шыққан жоқпын / қыз таппадым / әлі үйленбедім / ғой.
десе ішімдегі көк ит. Ақ итім:
— Кетчівар, дабай! Шашың ағаратындай не істедің? Не уайым сонша алып баратқан, қыртық неме?
— дейді. Өйстіп іштей арпалысып тұрғанда, ваннаға қырынуға келгенімді еске түсірем де, ана екеуін няққа жіберем… Менің уайымым күзге салым сарғая бастаған жапырақтай ғана екен. Мұны біреулердің басына қараша орнап үлгергенін көргенімде түсіндім.
Жыл сайын еліне барғанда 2 келілік шелекпен гель әкелетін түрік досым жылап жүр, өткенде көрсем, түскен шаштарын санап. Істемеген бәлесі қалмапты байғұстың. Соңғы рет көргенімде сарымсақпен басын жуып жүргенде ұсталып қалды. Ақталған түрін-ай: «Профилактикаға жақсы. Күлмеңдер, амк! Жазда Ыстамбұлға барғанда шаш ектірем онсыз да. Сонда көреміз, ақылдылар!». Өздеріңіз түсініп тұрғандай Бәкірбайлар* жиналып алып мазақтадық байғұсты. Сол «пёрлдарды» жазып алдым. Түксіз қалған таз бастар, шашы енді-енді түсейін деп жатқандар, жалпы, Стетхэмнің жолын қуушы хард еркектерді келемеждеуге дайын тіркестер. Әйел болсаңыз, жолдасыңыз орта жасқа келгенде жұбатуға да жарап қалар. Нәтижеде адал өтірік қой. Күллі кішкентай тақырбастардың мұратына жеткен үлкен экземплярларына арналады
• Менің бас формаммен дым жараспайды. Ал саған енді жынды жарасады, мә-ә-ә!.. Былай көбірек харизма көрінесің. Ана Бондарчуктарың жер иіскейді ғой біздің братанның жанында.
• Мә, брат, өткенде аңғылшын ғалымдарының зерттеуін көрдім ше интернеттен. Былай дейді нә: «тестестерон дей ма, аты сондай, опшым, еркектік гормоны көп бөліне бастағанда, шаштар, ну, андай белсенділігіңе қарай түсе бастайды» екен. Яғни, і-і-і, шаш түскенде иықтағы ғана піспейді екен, ұзын сөздің қысқасы, айғырсың! Муаххаха!
• Сосын, тарихты алып қарашы, мен деген тұлғалардың артынан тұрарлық дүние қалдырғандары көбі таз бас болған ғой, е! Өзің ойлашы, андай ұлы адамдардың шаштары бекерден-бекер түспеген шығар?!
• Мә, саған рахат! Бізді айтсай, шаш күтімі деген — шығыны мол процесс қой. Сосын, дүниені саусағында ойнататын құпия ұйымдар шашқа арналған косметикалармен түрлі тәжрибелер жүргізеді екен. «Сынақтан өтті» дегені ертегі-міс. RenTV-ден көрдім. Осыны естіп, қазір енді қандай шампуньмен жуарымызды білмей, бас қатырып жүрк.
• Қаласаң шаш ектіруге де болады енді. Бірақ бәрібір қазіргі табиғи халіне жетпейді ғой. Не істейсің? Былайда крассафчиксің ғой!
• Біздікілер не білуші еді, уот шетелдегі қалталы қатындар, обшым, «сәбремменний» қыз-келіншектер таз бастарды төсекте ат деп біледі екен. Өткенде үйдегі бір журналдан оқып берді...
• Уақыт эконом, Шампунь таңдап, одан қалды құрғатып әуре болмайсың. Кейде таңертең асығып мына киіз басымды жуарда қиналып кетем, сенікідей болмағанына ішім ашиды...
• Экология ғой. Уран, ракета, тамақтың бәрі — гмо, енеңдіррайын. Әйтпесе жарықтық паханыңның шашы қайратты, сондай қатты еді ғой. Сенде де кірпілер қызғанатындай шаш бар еді...
• Тарихта жапон самурайлары, якудзалары, ниндзялары айбатын арттыру үшін шаштарын тықырлатып алып тастайды екен. Шайқаста жауларына сұстырақ көріну үшін. Қытайларыңды тізерлеткен жапондарың бірдеңе білген, негізі...
• Тағы да, антропологтардың айтуынша, басы жынды істейтін адамдардың бас сүйегі мен бас терісі аралығын зерттегенде — миға көп күш түсетіндігіне байланысты — онша шаш өспейтініне көз жеткізіпті. Эволюцияда да бар: жүн басқан маймылдан бері қарай алып қарасақ, денедегі қылдардың азайғанын көруге болады...
Обшым, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, не қыл көбірек болады, не ақыл…
________________
*бәкірбай — бойдақ жігіт. түріктің bekar bey-інің аборигеншесі.
