Блиц-сұхбат: Tyulpan
Жылды қортындылау және жаңа қолданушыларды таныстыру мақсатында жаңа эстафета басталды. Бір қызығы бұл эстафетаны тек бір жерден емес әр жерден бастап кетуді ұсынамын. Яғни басқа қолданушылар өздері бастап кетсе болады, алдымен бір қолданушыдан сұхбат алып, соны сайтқа шығарады. Одан кейін кезекті сұхбат берген қолданушы алып, өзі қалаған басқа қолданушыға сол сұрақтарды қояды. Тек сұрақтар өзгермесін. Мен Tyulpan -нан бастадым.
Tyulpan
Қала: Атырау (уақытша)
Сала: Атырау болса, әрине, мұнай
— КерекИнфоға қалай келдің?
— керекинфоға таксимен келдім деп айтат дит шақырушылар болды алдында. қазақ тілді жылы ортаны сағынғаннан, өзім іздеп келдім…
— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?
— керекинфода орыс боқтық сөздерін қазақшалап алған ғой — сол шын айтсам ұнамайды. шынайы сөйлейміз деп, соларды қолдана беретін болсақ, әдетке айналдырып, басқа жерде байқамай айтып қалу қаупі бар. мысалы, «зайып ал» деген сөзді алайық. байқамай бір сыйлы ортада айтып қалдың дейік, оларға түсіндіріп жатпайсың ғой, «керекинфо деген сайт бар, онда осылай немесе былай» деп… ИМХО )) басқасының бәрі ұнайды.
— 2012 жыл сен үшін қалай өтті, өз өміріңдегі басты оқиғасы не?
— 2012 жылды өзіме «позитив» жылы деп атағанмын. бәрінен позитив іздеуге тырыстым. өзің позитив шашсаң, саған екі есе позитив шашылатынын көзіммен көріп, жүрегіммен сездім. )) тіпті, суық өткен қыстың суығын да сезбедім, шын айтам.)) басты оқиғасы — мықты бір тұлғамен таныстым, одан көөөөөп нәрсе үйрендім. жетпегенін жетістіріп, толмағанын толықтырып деген сияқты.
— 2012 жылы КерекИнфода қатты ұнаған тақырып?
— «Кел, билейік. Бачата» деген тақырып. бірталай тақырып ұнаған, аттары есіме түспей тұр. ))
