Жаңалығыңыз қандай?
Пікірлер арқылы бір-бірінің басына т**ып, түрлі-түрлі ой қозғап, қыран-топан күлкіге қарық болған кездерді сағынып кеттім
Твиттер, Фейзбук дегендер уақытша Керектен алыстататын шығар. Алайда мұндағы жылы ортаға бәрібір жетпейді екен.
Интернет ауылынан алыстаймын деп, білмеген нәрселерді үйреніп жүрмін. Мысалы, тігуді (сіз ойлағандай емес) үйрендім. Өзіме көйлектер, сіңілеріме белдемше тігіп бердім.
Сіңіліме тігіп берген белдемше
Крючокпен тоқуды үйрендім.
Бұл суреттерді салғандағы мақсатым?
Көптен бері көрінбей кеткен белсенділер қазір не істеп жүр? Қандай жетістікке жетті? Сол жаңалықтарымен сурет арқылы, пікір арқылы осы постта бөліссе екен деген ниет. Бәрімізге қызық қой)))
Шынымен барлық керектіктерді сағынып қалдым…
