Ескі архив · 19.12.2012 18:50

Достарыма

Сәтсіздік кеп алқымымнан алғанда, Армандарым аяқ асты қалғанда, Күл талқан боп жоспарларым бір сәтке, Тағдыр мені қатал сынға салғанда, Табылатын достарым бар жанымнан, Қысқа ғана мағынасыз жалғанда… Мағынасыз қыска ғана жалғанда, Үміт оты өздігінен жанғанба? Қолдау тауып қасыңдағы досыңнан, Жанарыңнан жарык күнің жанғанда, Дейд екенсің бір Аллаға мың тәуба Жақсылықтың тамшысы кеп тамғанда… Қатар жүрген қуаныш пен қайғыны, Білмес пенде келетінін қай күні, Сенім артар достары бар адамның, Биік жүрер әрқашанда айбыны! Марат Нигметжанов
Авторы:
007

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту