Сең қозғалды. Астанада алғашқы форум өтті.
Астана қаласындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде алғаш рет ІТ форум өтті. Форумның қалай өткені маңызды емес дәл қазір. Бастысы бұл көптен бері айтылып жүрген нәрсенің сөзден іске көшуі. Алғаш рет жиналдық, жұртпен таныстық, бір нәрселер үйрендік, үйреттік, жаңа идеялар пайда болды. Жастардың белсенділігі ұнады, Талғат бастаған топ өз жұмыстарын беске атқарып шықты. Бәрі риза болып кетті деген ойдамын.
Жаңа жобалар ұсынылды. Қолдау табылады деген сенімдемін. Форумдағы байланыс енді онлайнда да жалғасын тапса біраз жұмыс атқарылады деп ойлаймын.
Қатысушылардың арасында мұғалімдердің көп болуына қуандым. Форумға үлкен қызығушылықпен келген екен. Тек журналистердің аз болуы және БАҚтың белсенділік танытпағаны дұрыс болмады.
Жалпы форум алғаш рет өткенімен жақсы деңгейде өтті деуге болады. Басталуы басталды, енді жалғасады бұдан да жақсы болады деп сенемін.
