Ескі архив · 25.12.2012 15:21

КерекИнфо-2012. Жыл қорытындылары.

Жыл қаласы: Астана Биылғы жыл астаналық керекшілердің көбейген жылы болды. Көбейіп қана қоймай бірнеше іс-шараларды ұйымдастырды да астаналықтар. Басқа қалалардағы керекшілерге қарағанда биылғы жылы астаналықтар көбірек белсенді болды. Жыл жиыны: Блог-құрылтай Ешқандай талассыз биылғы жылдың үздік жиыны деп Блог-құрылтайды атауға болады. Осымен 2-ші рет, Астанада 1-ші рет өткен Құрылтай жақсы өтті. Құрылтай арқасында достық қатынастар нығая түсті. Жыл флеш-мобы: Домбыра-пати Өнерді және қазақылықты насихаттау мақсатында жасалған бұл флешмоб алдағы уақытта кең көлемді болады деп ойлаймын. Күзде аз уақыт қана болғанымен ел есінде қалған қозғалыс болды. Жыл мазағы: Рафаелло құрбандары Немесе жыл жазасы. КерекИнфода жақсы дамып келе жатқан стеб стилін ұстанушылардың бірі Рафаеллоның тұзағына түсен БАҚ өкілдері жылдың басты кейіпкерлеріне айналды. Жыл креативі: Кино-пати Киностан жігіттерінің ұйымдастырумен басталған Алматыда өткен кино-патилер жылдың үздік идеясы, креативі. Жыл суреті: «Гол жіберсеңдер қатынсыңдар» Австрия — Қазақстан матчының соңғы минуттарында стадионда керекшілер көтерген бұл жазу әлеуметтік желілерде ең көп шейірленген, ең көп әңгіме болған сурет болды. Менің ойыма түскендер осылар болды. Бірге жалғастырайық.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту