Ескі архив · 06.01.2013 01:02

2012 қалай есте қалды

Жалпы өткен жыл қандай жыл болды, немен есте қалды жаза отырыңдар. Мен үшін төмендегідей болды. Қаңтар — Жылдың басы жұмыс ауыстырумен басталды, Семейге іссапармен барып қайттым. Ақпан — Керемет қырып жұмыс жасап жатырмын. Жаңа жұмысыма ризамын. Наурыз — Алғаш рет Наурыз мерекесіне қатыспай қашып Форт Шевченкоға кеттім, (мекеме тіккен киіз үй, соны күзету, қазан ошақ тасу деген сияқтылар ғо). Қуырдақтың көкесі келгесін болды әрине, бірақ өкінбеймін. Сәуір — Есімде нақты жоқ, бітпейтін жиналыстар айы болды. Мамыр — 8 мамыр „Автокад оқиғасы 2„ лицензиясыз автокад орнату туралы ауызша бұйрықты орындамайтыным туралы жазбаша жауап бергенім үшін сөгіс алдым. Алғаш рет мекемемен жеңіс парадына шықтым. 10 куні жұмысқа зауқым болмай 3 күн ауырып қалдым. 14 күні жұмыстан кету туралы арыз жаздым. Маусым — күтпеген жерден отпуск берді, ең аз отпускім 22 күн. Шілде — Алғашқы ақысыз демалысым. Еркімнен тыс бессодержаниеге шықтым. Тамыз — Ақыры жұмыстан шығып тындым. Жаңа жұмысқа кірдім. Қыркүйек — Жаңа үйге көштік, енді ауылда тұрамыз. Қазан — Ауылда сібет жоқ. 2 апта жүріп жалғаттық көптеп-көлемдеп. қараша — Бітпейтін шабыспен өтті, нақты ештеңе болған жоқ айтарлықтай. Желтоқсан — Алғашқы боран, қар, су жылтатын бойлерімді қатырып алдым, тесіліп тынды. 29 Желтоқсан балалар ойнайтын алаңға машинамды шығарып қойғаным үшін 6МРП штраф кидім.
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту