Ескі архив · 11.01.2013 17:25

Музыканың адамның мінезі және ақылына әсері

Өзімнің өмірімді Linkin Park, Nsync, Backstreet Boys, Андрей Губин, Жігіттер квартеті, МузАрт секілді топтар және әншілерсіз елестете алмаймын. Рок, альтернативті рок, джаз, классика, блюз және домбыраның қоңыр дауысын естісем толғанып аспанға ұшып кеткендей боламын. Бір байқағаным, музыкадағы таңдауы ұқсас адамдардың мінезі және өмірдегі қызығушылықтары ұқсас болып келеді. Киетін киімі мен сөйлеу мәнері де жақын келеді десем қателеспеспін. Гуглдан бұл жайында ізденіс кезінде музыканың шыныменде адамға әсері өте қатты екенін көрдім. Ақпараттардың арасынан «Моцарт Эффекті» деген терминге тап болдым Алғашында бұл терминді зерттеу тышқандардан басталған екен Тышқандарға екі ай бойы, күніне 12 сағат Моцарттың соната до-мажорын тыңдатқан. Сосын тышқандардан "ұнады ма?" — деп сұраған. Сөйтсе олар "Ұнады" — деген xD Жәй қалжыңдаймын, күнде тыңдата бергеннен тышқандарға ақыл-ес кіргендей лабиринтті 27%-ға тезірек өтіп, және өту кезінде 37%-ға кем қателіктер жасаған. Бұл терминге ең жарқын мысал, ол әлемге аты әйгілі француз актері Жерар Депардьеның жағдайы. Ол сойлегенде тұтығып(«заикание» — қазақ тіліне басқа аудармасы болса, айтуыңызды сұраймын) және еске сақтау қабілеті өте нашар болатын. Құдайға шүкір ол өмірінде жақсы дәрігерге тап болған. Дәрігер оған күніне кемінде 2 сағат Моцарт шығармаларын тыңдауды шипа ретінде жазып береді. Ол шипаның әсері оның өмірін өте қатты өзгертті, оның киноларын көрген болсаңдар көрген шығарсыздар. Жерар тұтығып сөйлеуден толығымен арылып, еске сақтау қабілетін күшейткен. Соның арқасында әлемдегі аты әйгілі актер болып есімізде калды. Кейін ол бұл жайт туралы былай деген: Томатисті кездестірер алдында бір сөйлемді де басынан аяғына дейін дұрыс бітіре алмайтын едім. Ол маған ойды түйнектеу мен мидың процестеріндегі түсіну синтезін толығын сезінуге көмектесті Қорытындылай келе әр адам тыңдар музыкасын дұрыс таңдап алуы керек деп есептеймін. Мүмкін жас ата-аналар өзінің балаларын жас кезінен жақсы әуендер тыңдатып тәрбиелеуі керек. Мүмкін айтылғаннын бәрі біреудің қиялынан шыққан ертегілер де шығар, дегенімен шет ел дәрігерлерімен бұл кеңінен қолданынылып келеді. Және интернетте бұл термин айналасында әңгіме өте көп. Достарыңыздың қандай өлең тыңдайтынына қарап, мінезінің бейнесін жасап көріңіз, мүмкін бұл кейбір сұрақтарыңызға жауап берер. Оқығаныңызға рахмет, және жақсы музыка тыңдаңыз ағайын! ^_^ Егер де кім Моцарттың до-мажор сонатасын тыңдағысы келсе міне Материалды жазудағы көмек болған сілтемелер en.wikipedia.org/wiki/Mozart_effect ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%83%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%BE%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BF%D0%B8%D1%8F siellon.com/effekt-motsarta-muzyika-povyishayushhaya-intellekt Менін туиттердегі балапаным Вконтактедегі бетім Фейсбуктада бетім бар екен
Авторы:
Dastan_A

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту