Ескі архив · 14.01.2013 17:40

Тоқал аламын...

Бұл жарнама емес!.. жәй пікірлерді білгім келгені… Кейінгі кездері сұр бойдақтардың көбеюі көбейіп бара жатқандығы шындық… Адам болып өмірге келгеннен кейін үйленіп үй болуы парыз. Ер мен әйелдің жұптасып өмір сүруі өмір заңы Алланың әмірі. Кейінгі кезде осы тоқал мәселесі жиі көтеріліп жүргені шындық. Халық екіге бөлініп, «алу керекпен» «алмау керектің» арасына қалып, қалай боларын білмей басы қатып жүргендер саннан көп. Қазақта мақал бар қазақта: «Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі» рап-рас. Мәселені басынан қарайық: Ислам дінінің қасиетті кітабы Құран кәрімде: Ниса сүресінде 4 әйелге дейін рұқсат етілген. (әрине шарттарымен) біздің бабаларымыз тұрмақ, кеше ғана өткен атамыздың өзі екі әйел алған екен. әкем ғана бір әйелмен шектеліп отыр. онда да совет үкіметіне тұспа-тұс келгендіктен шығар. неге тоқал мәселесі қорқынышты көрінеді екен әйелдерге… Қаржы мәселесі: Әрине, ең алдымен әйел затының ойлайтыны, «жағдайымды жасап бермедің, үйде анау жоқ, мынау жоқ, дұрыстап киіне алмадым, қатарымнан қалғым келмейді» деген сылтаулар көп… бірақ барлығын адамның өзі шешеді ғой, әрине напақа табу ер адамның міндеті, бірақ Алланың бергенінен артық адам қанша талпынса да, ештеңе таппайды. барға қанағат ету керек. негізі әйелге байланысты, ақылы бар, түсінігі бар әйел екінші әйелге қарсы болмайды деп ойлаймын. менікі жай ойым ғой, әйтпесе, менде қаржы мәселесі қиын, точна айлығымды жеткізе алмаймын. бірақ кейінгі кездері ойланып қойып жүрмін. осы алсам қалай болар екен деп. сіздер не ойлайсыздар керекшілер… артынан жазамын, көзіммен көріп, кімдер алып, кімдер тастап жатқанын… алдымен сіздер жазыңыздар. (айтпақшы, жағдайы бар, табысы мол, айлығымды қажетсінбейтін, машинасы бар, мен машина айдай алмаймын (мені тасып жүрсе қатып кетер еді), үш бөлмелі жеке үйі бар. жас шамасы менен кішілеу, мінезі менің әйелімдікіндей болса (өйткені, біз татумыз), қыбен танысуға, ойланып көруге болатынын естеріне сала салайын.)
Авторы:
neoaskar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту