Ескі архив · 21.01.2013 19:47

Тапқан ақшаң мен қанағатың кері пропорционал екен

Өмірдің жазылмаған заңы: Адам аз ақша тапса, сол ақшаға қанағаты мол болады. Ал қаншалықты көп тапса, қанағаты соншалықты азаяды. Не үшін олай екенін мен түсіндіруге тырысайын. Адамның ішінде тойымсыз құбыжық бар. Оның аты «Нәпсі». Оған тамақ берсең, ол өсе береді. Өскеннен соң одан да көп тамақ талап етеді. Нәпсі ешқашан аш қалып өліп қалмайды. Ол күнде Қожайынынан керегін алып отырады. Бірақ оны өсіртіп алу-алмау өз қолымызда. Өсіртіп алсақ, өз басымызға бәле тілеп алған боламыз. Себебі оны қайта кішірейту мүмкін емес. Мысалдар келтірейін. Бір жұмыстасым бар, оның еңбекақысы миллион тенгедей, жанұясында тек анасы екеуі ғана. Элит-ауданда еуроремонтталған пәтері бар, астында қымбат темір тұлпары бар. Бір күні ол екі аптаға ақысыз демалысқа шықты, келесі айда еңбекақым аз шықты деп зарлады. Қарап тұрсаң, 500 000 теңге аз ақша емес. Сол екі аптада тапқан ақшасын 1 жылда табатындар да бар. Ал оған қарсы екінші адамды білем. Намазхан адам, от ағасы, шиеттей бала-шағасы бар. Айына 30 000 (!) теңге табады. Бірақ түбінде қанағаты бар адам. Ол ешқашан ақшам аз демейді. Бәріне де «шүкір Аллаһ» дейді. Ондай ақшамен бірінші кейпкеріміз асылып өлердей. Себебі оны ішіндегі құбыжық жеп бара жатыр.
Авторы:
Beisek

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту