Ескі архив · 24.01.2013 00:20

Көзді сақтау.

Бәріне сәлем. Міне компьютер алдына отырмағалы бірнеше күн өтті. Отырмаудың басты себебі — көзімнің көруі нашарлап кеткен. Компьютерге жаман үйреніп алған екемін, отырмасам бас ауырғандай, не істерімді білмей, сандырақтай кетем. Отырсаң уақытылы достармен, таныстармен сөйлесіп, жаңалықтар бөлісіп отырады екесің, оның үстіне керекинфо жаңалықтарынан да кұр қалыппын...( Соңғы кездері компьютер алдына отырсам көзім ашып, жасауратып, ұйқым келіп кетеді. Ұйықтасамда бәрібір бұрынғыдай компьютер алдында түндеп отыра алмай қалдым. Алыстан көруім төмендеп кеткен. Сөйтіп интернеттен жаттығулар, көзді қалыпқа келтіру туралы іздеп, таптым. Бірер жаттығулар бар екен. Күнделікті орындап жүрмін, пайдасы бар сияқты. Бірақ көздің көруі расыменде қалпына келедіма екен? Қалай ойлайсыздар? Және де бірер жаттығулар, немесе көзге пайдалы дәрі- дәрмек, халықтық рецептілер білсеңіздер бөлісе отырыңыздаршы… Мына сурет сіздерге қажет болар:
Авторы:
beka95

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту