Ескі архив · 18.02.2013 12:33

іні-қарындастарға сәлем

Қырық үйден тыю ғой қыз балаға Тектен-тек теңемеген қызды анаға Бауырым, қызды сыйла құдды анаңдай Ақыл жеңсін нәпсіні, қызбаланба! Тәрбиені ұмыттық бұл заманда Бауыр бүтін, көйлек бөз, ел аманда Ел болайық, ағайын, бесік түзеп Еліктемей жат жұрттық әр жаманға Жігіттікті дәлелдеу белмен емес Қолмен болса жарасар текті адамға Нәпсіқұмар қызбалық, қызқұмарлық Жарасатын қылық қой тек наданға Үйлен десең жігіттер қынжылады Жақсы қыз жоқ қой дейді жерде жатқан Қыз жаман боп көрінгені содан болар Қыздар көп «жігіті» алдап, қан жылатқан Ұят қайда, ұяңдық және қайда? Сана, парық кеткен бе адамзаттан? Қарындасым, сізге де айтарым бар Айрылмашы матадан тәнді жапқан Дейді халқым сүзбесе тана көзін Бұқа жібін үзбейді тыныш жатқан Қарындасым, Құдайым сізді қолдап Айырмасын табиғи ар-ұяттан!
Авторы:
Almas-al-almati

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту