Ескі архив · 22.02.2013 17:38

Ұялы телефонмен араз болып жүрмін

Дұрысын айтсам, контактілерімдегі кейбір таныстарыммен аразбын. 2-3 жігіт бар қашан қоңырау шалсам да «Бұл кім?» деп жауап береді. «Мен ғой, номерімді өшіріп тастағансың ба?» десең «Ой, телефонды жоғалтып алғанмын. Номерлер сонда кетті» деп құтылады. 1 рет жарайды, 2 рет – келістім. Осы күнге дейін аз дегенде 10 рет осылай істеген шығар. Айтпағым бұл емес. Жалпы мұндайлар көп қой. Араласқысы келмесе ашығын айтса нетті. Мен де намыстанып олардың номерін өшіріп тастадым. Қоңырау шалса «Бұл кім?» дегім келген түрім ғой. Бірақ 1 айдан астам уақыт өтті, әлі хабар жоқ. Тағы «телефонын жоғалтып» алды ма екен, байғұс…
Авторы:
torgai

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту