Ескі архив · 01.03.2013 20:02

«Бітпеген іс» немесе «қарға батқаным туралы»

Кеше өзіме 1-2 сағат көлемінде уақыт бөліп, Ақтөбе-Орск трассасы бойында орналасқан елді-мекендерді, нақтырақ айтсам, қыстың соңғы күнін фотосуретке түсіруге беріліс қорабы автомат көлікпен шыққам. Фотоға түсіріп енді бастап келе жатқанда, дөңгелектерім жаңа, барлық мезгілге арналған болса да, қарға баттым да қалдым. «Автоматтың бір кемшілігі осы» деп ішімнен ойлап қойдым. Алдын-ала айтып қояйын, мен әлі кәсіби фотограф емеспін, бұл мен үшін әзірге жай ғана мейнстрим. Қуанышыма орай, багажымнан шағын күрек пен күзгі балшықтардан шығуға көмектескен мынадай қысқа екі тақтай табылды: Осындай тақтайды батқан көліктің жетекші дөңгелектерінің астына тығып шығаруға өте ыңғайлы, әсіресе балшыққа батқан кезде. Ол үшін сапалы домкрат көмектеседі, бірақ мен домкратты қолданған жоқпын. Алдыңғы екі дөңгелектің астына екі тақтайды салдым, бірақ болмады. Көлік орнынан қозғалмады, қайта-қайта тайып кете берді, ертең көктемгі балшықтардан шығуға керек болады деп оларды багажға қайта салып қойдым. «B» жоспарына көштім, яғни қарапайым түрде дөңгелектердің айналасын қардан тазартып шықтым да, газды баппен бастым. Қардан шығуға бір сағаттай уақыт кетті, сондағы түсіріп үлгерген фотоларым: Батқан кездегі сурет: Қайтып бара жатқандағы бокстың қабырғасына жазылған ескерту: Фотосуреттер мен видео Canon EOS 7D-ға түсірілді.
Авторы:
MickThatsMyNick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту