Ескі архив · 05.03.2013 12:15

Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ (02)

Екінші бөлім Сұрақ: Әйгілі төрт халифа кімдер? Жауап: Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.), Осман (р.а.), Әли (р.а.). Сұрақ: Құран кәрім қай халифаның кезінде кітап болып жиналды? Жауап: Әбу Бәкірдің (р.а.) кезінде. Сұрақ: Құран қанша аяттан тұрады? Жауап: 6216 аят. Сұрақ: Құранда қанша сүре бар? Жауап: 114 сүре. Сұрақ: Құранда қанша пара (жүз) бар? Жауап: Құранда 30 пара бар. Сұрақ: Ең алғаш түскен сүре қайсы? Жауап: «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты. Сұрақ: Құран қай сүремен басталады? Жауап: «Фатиха» сүресімен. Сұрақ: Құран қай сүремен аяқталады? Жауап: «Нас» сүресімен. Сұрақ: Мәзһаб деп нені айтамыз? Жауап: Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығы. Сұрақ: Төрт үлкен мәзһабты атаңыз? Жауап: 1-Ханафи мәзһабы; 2-Шафиғи мәзһабы; 3-Малики мәзһабы; 4-Ханбали мәзһабы. Сұрақ: Сенімдегі мәзһабымыз қайсы? Жауап: Әһли сүннет уәл жамағат, яғни Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалары жүріп өткен сара жол. Сұрақ: Сенімдегі имамымыз кім? Жауап: Сенімдегі имамымыз Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди. Сұрақ: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди кім? Жауап: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди IX ғасырда Самарқанд маңындағы Матурид қалашығында дүниеге келген мүжтаһид ғалым. Сұрақ: Амалдағы (шариғаттағы) мәзһабымыз қайсы? Жауап: Ханафи мәзһабы. Сұрақ: Амалдағы мәзһаб имамымыздың аты кім? Жауап: Нұғман ибн Сәбит имам Ағзам Әбу Ханифа. Сұрақ: Имам Ағзам Әбу Ханифа қай жылы туылды? Жауап: һижри 80 жылы, милади 699 жылы. Сұрақ: Имам Ағзамның туған жері қайда? Жауап: Ирак елі, Куфа қаласында. Сұрақ: Әбу Ханифа қай сахабалардың көзін көрген? Жауап: Әнас ибн Мәлік, Абдуллаһ ибн Ауф, Уасила ибн Асқия, Сахл ибн Сайда, Әбу Туфайл Әмір ибн Уәсила. Сұрақ: Әбу Ханифаның ұстаздарынан кімдерді білесің? Жауап: Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи, Мәсруқ ибн Әждә, Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби, Ибраһим ибн Язид ибн Қайс ән-Нәхәи, Ата ибн Әбу Рабах, Мәлік ибн Әнас, куфалық Хаммад ибн Әбу Сүлеймен әл-Әшғари. Сұрақ: Әбу Ханифа қай жылы қайтыс болды? Жауап: һижри 150 жылы, милади бойынша 767 жылы. Сұрақ: Балиғат жасы қай жастан басталады? Жауап: Ер балаларда 12-15 жас аралығы; Қыз балаларда 9-12 жас аралығы. Сұрақ: 32 парызды санап бер? Жауап: Иманда — 6, Исламда — 5, Дәретте — 4, Бой дәретте — 3, Тәйәммүмде — 2, Намазда — 12 парыз. Сұрақ: Иман шарттары нешеу? Жауап: Иман шарттары алтау, оның реті: 1. Аллаһтың бар және бір екеніне; 2. Аллаһтың періштелеріне; 3. Аллаһтың пайғамбарларына; 4. Аллаһтың кітаптарына; 5. Ақирет күніне; 6. Жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне шын жүрекпен илану. Сұрақ: Ислам шарттары қанша? Жауап: Ислам шарты бесеу, оның реті: 1.Кәлима шәһадат келтіру; 2. Намаз оқу; 3. Зекет беру; 4. Ораза ұстау; 5. Қажылыққа бару. (Жалғасы бар)
Авторы:
neoaskar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту