Ескі архив · 05.03.2013 00:04

Samsung Galaxy Tab 2 -лі болғыңыз келсе... (oңай жолы)

ия ия дәл солай!!! Егер сіз планшетке қол жеткізгіңіз келсе, онда сізге мүмкіндік келді.Биылғы Блог Құрылтайда байқаулар ұйымдастырылып жатыр. БАЙҚАУ #1 Блогқұрылтай туралы (еркін тақырыпта) пост жазу. Шарттары қарапайым: 1) Пост еліміздегі кез-келген блогтұғырда (әлеуметтік желі емес) жазылуы тиіс; 2) Басқа тілдердегі посттар саналмайды, тек Қазақ тілінде болуы тиіс; 3) Постта әр түрлі жаргондар, боқтық сөздер, қыстырма сөздер, бөгде тілден енген сөздер т.б. болмауы тиіс; 4) Пост барынша қоғамдық талқылаудан өтіп, барынша көп адам көруі тиіс; 5) Әлеуметтік желілерде постыңыз барынша жарнамалануы тиіс; 6) Пост Facebook-тағы арнайы парақшада көрсетіліп, ол жайында ұйымдастырушыларға (blogcamp2013@gmail.com поштасына материал сілтемесін тастап, хат жазу). БАЙҚАУ #2 Блогқұрылтайды суретпен бейнелеу. Шарттары қарапайым: 1) Сурет еліміздегі кез-келген блогтұғырларға (әлеуметтік желі емес) салынуы тиіс; 2) Сурет мотиватор, демативатор, қолмен салынған т.б. кез-келген түрде, бірақ барынша креативті болуы тиіс; 3) Сурет барынша қоғамдық талқылаудан өтіп, барынша көп адам көруі тиіс; 4) Әлеуметтік желілерде постыңыз барынша жарнамалануы тиіс; 5) Пост Facebook-тағы арнайы парақшада көрсетіліп, ол жайында ұйымдастырушыларға білдіру (blogcamp2013@gmail.com поштасына материал сілтемесін тастап, хат жазу). БАЙҚАУ #3 Блогқұрылтайды видеомен бейнелеу. Шарттары қарапайым: 1) Видео еліміздегі кез-келген блогтұғырларға (әлеуметтік желі емес) салынуы тиіс; 2) Видео блогшылардан сұхбат түрінде, видеоблог түрінде т.б. кез-келген түрде, бірақ барынша креативті болуы тиіс; 3) Видео барынша қоғамдық талқылаудан өтіп, барынша көп адам көруі тиіс; 4) Әлеуметтік желілерде постыңыз барынша жарнамалануы тиіс; 5) Пост Facebook-тағы арнайы парақшада көрсетіліп, ол жайында ұйымдастырушыларға білдіру (blogcamp2013@gmail.com поштасына материал сілтемесін тастап, хат жазу). Байқау 20-наурызға дейін жүреді. Байқау қорытындысын осы салада жүрген арнайы топ анықтайды. Жеңімпазды анықтау Блогқұрылтай кезінде жүргізіледі де, блогқұрылтайдың қорытындылау, марапаттау бөлімінде (яғни 24-ші наурыз күні кешке) марапатталады. ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ
Авторы:
ibnabbas

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту