Ескі архив · 06.03.2013 10:15

Көктемнің қызығы көшетпен болсын!

Ассаламу алайкум, керекшілер! Көктемнің алғашқы күндері сіздерге жақсылық болсын! Қазақ атамның айтуы бойынша «күзді күні бір тал кессең, көктемде он тал ек». Қыста екі ағаш қырқып тастаппын. енді соның орнына 20 болмаса да, соған шамалас ағаш ексем бе деп отырмын. Қандай кеңестеріңіз бар. Алматы қаласы, Іле ауданы, Қара ой ауылына төзімді, сол жақта тез өнетін, жемісін тез беретін ағаштың қандай түрлерін білесіздер. Бөлісе отырсаңыздар. Негізінен алма, өрік, шие ағаштарын ексем бе деп едім, базарға барғанда айнып қалмасам, есігімнің алдын көгертіп, таң тамаша етіп отсам деген ниет қой. көмектеріңізді күтемін.
Авторы:
neoaskar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту