Ескі архив · 07.03.2013 14:12

Ұйқыларыңыз тыныш болсын!!!

Бірде атасы үйінде ұйықтап жатқан немересін оятыпБалам, мынау ауылдың өрінде, ескі үйдің төрінде көпті көрген, текті білген қария тұрады.барып бата алып кел, бүгінгі жұмысың сол болсын"-депті.Бүгіндікке жұмысың сол болсын дегенге қуанған немересі әлгі қарияның үйіне жүгіре жөнеліпті.Барса қария үйінің алдында күншуақтап отыр екен.«ассалаумағалайкум ата, мені атам сізден бата алып кел деп жіберді»-дейді бала асығып.Сонда қария көзінде от ойнаған, қанаты қатаймаған балаға күлімдей қарапҰйқың тыныш болсын балам" -деп басынан сипап қоя беріпті.Немересі атасына келе салаҚария маған бата бермеді, ұйқың тыныш болсын деді де қоя берді"-дейді ренжіңкіреп. Сонда атасыӘй, құлыным, қария саған батаның төресін беріпті. Ұйқың тыныш болсын дегені-денің сау басың аман болсын дегені, Ұйқың тыныш болсын дегені-Елің сау жұртың аман болсын дегені. Ұйқың тыныш болсын дегені-Елін сүйетін, жері үшін күйетін адам болсын дегені, Ұйқың тыныш болсын дегені-Алатайдай бүлінбес заман болсын дегені, Ұйқың тыныш болсын дегені-осының бәрін көтеретін шамаң болсын дегені"-депті. Күлкінің дұрыс,ұйқының тыныш болғанына не жетсін!!!
Авторы:
koskuzul

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту