Ескі архив · 15.03.2013 11:04

Chance күнделігі: Vida

Chance-тың жаңа түрі шығыпты. Бәрін басынан бастайын. Chance украиндықтардың төл машинасы емес. Мысалы бірінші «Chance» — бұрынғы «Daewoo Lanos» (кейін «Chevrolet Lanos») екенін бұған дейін жазғанмын. Укрина «инженерлері» келесі моделге бас ауыртпай, 2008 жылы шыққан Шевролет Авеоның (Chevrolet Aveo) логосын алып тастап, Vida деген ат беріпті. Қарсы алыңдар, алдарыңда Chance Vida (седан мен хэтчбек): Chance Vida 2012 жылдан бері шығады. Биыл Қазақстанда құрыстыра бастапты. Өткенде салонға барғанда көзім шалып қалды. Ескі модельге қарағанда анағұрлым әдемі көрінеді. Іші де кеңірек. Бағасы туралы білмеймін. Ресей форумдарында максималды комплектациясымен — 389 мың рубль дегенді көзім шалды. Көктемде автоматты беріліс қорабымен шығады деп айтты сатушы. Төмендегі суреттен көріп тұрғандарыңдай, Chance Vida-ның сырт келбетінде Chevrolet Aveo-дан еш айырмашылығы болмайды. Капот астындағы айырмашылықтарын білмедім енді. Салыстыру:
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту