Ескі архив · 27.03.2013 10:26

Құрылтай - 2013: Таң қылған Шымкент

Сөйтіп… Қазақы нетті бір сілкіндірген, дүр сілкіндірген блогкемп өтті… Құрылтай жылнамасына, қазақы нет тарихына «Шымкент құрылтайы» деген атпен енген құрылтай таңырқау, таңғалу мен сүйсіну сәттеріне толы болды… … Менде құрылтайдың қызық суреттері жоқ. Фотоаппаратым болмаған соң, планшетпен түсіріп, одан сапасы үшін кешірім сұрап немесе СААТ тың қарғысын тыңдап отырғым келмеді. (Жігер Сапаров түсірген жиырма шақты фото бар, ол жаппай көрсетілімге арналмаған))) Мәтіннен мән ұғып көріңіздер: Таңырқау 1. Ауа-райы: Шымқалаға джинсы курткамен түскенде тоңазыған едік… Түске тармаса күн ысып, ұзын жең жейденің өзін ауырсындық. Астанадан кеткенде қар жатыр еді… Бүгін тағы қар жауып тұр( Таңырқау 2. Құрылтайға билік тарапынан мықты көңіл бөлінгені. Бұл енді астып сызып тұрып айтардай әңгіме. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов галстуксыз кеп блоггерлермен емен-жарқын сұхбат құрды. Ал, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Берік Уәли блоггерлермен бірге доп қуалады, барлық шараға белсене араласты. Кез-келген жерден осындай көзқарас таба аламыз деп ойламаймын. Шауып шыққанда пресс орталықтың бір-екі қызметкері еріп жүрер, ал әкімнің өзі кеп кофе брейктен дәм татып, әзілдесіп жүруі сүйсінерлік жәйт. Таңырқау 3. Тау. Жалпы, Шымкент құрылтайы біраз пікірлерімді қайта қарауға мәжбүр етті. Біраз нәрселер биіктеп, сәйкесінше, аласарды… Тау деп біздің елде де тауларды айтатын еді… Шымкентте мен тағы бір тауды көрдім) Басын бұл ораған, заңғар… Қар жатыр екен оооуу басында… Ммм дедім… Таңырқау 4. Данияр Алан. Бұл жігіт те біраз биіктеді. Мен Донды бұрын да бағалаушы едім, кешегі құрылтай тіпті аспандатып жіберді. Ұйымдастыру жұмысының итшілеген тірлік екенін жақсы білем. Дон, респект саған! Таңырқау 5. Сұлулық. Ол да биіктеді… Ойлансам тағы да қосар ем… Тек, қазіргі ыстық күйде баян етерге осылар ғана ойға келді. Жалғай түсіңіздер, құрылтай көрген кісілер!
Авторы:
aza

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту