Шахерезада шаһары
Иорданиядағы қатты әсер алған жерлерімнің бірі болды. Мені, тіпті, адамдардың бәрін таң қалдыратын сол елдегі Петра қаласы да, Джераш қаласы дәл осылай таң қалдыра алмаған. Иорданиядағы Өлі теңіз жағалауындағы осы отель қалашығында өзімді «1001 түн» ертегі әлеміне кіріп кеткен дарынсыз оператордай сезіндім ғой… ))
мынау бер жағынан қарағанда. осының артында сондай ертегі қалашығы бар деп кім ойлаған...
Отель 5 жұлдызды, Crowne Plaza деп аталады. Жап-жаңа отель, ашылғанына да көп болмаған. Сол отельдің администраторы айтты: Ашылуына 2012 ж. қазан айында сіздің елдің президенті Назарбаев келген. Содан кейінгі Қазақстаннан келіп тұрған қонақ — сізсіз — деп. )) Ішімнен ойладым кейін тағы «ай л би бэк» деп. )) Қарап көзім тоймады, жүріп аяғым талмады, жүзіп денем шаршамады, жеп қарным тоймады… )) Басында адасып-адасып бөлмемізді әзер тауып алатынбыз. Ай, мен бірақ аяғына дейін адасып жүрдім ғой бәрібір… ))))
мына жерді жанынан өтіп бара жатып түсіргем...
мынау спа-орталық. бәрі бар, ішін суретке түсрмей кетіппін бір өкініштісі...
мына кісі біздің багажымызды номерімізге апарып берді.
бұл жерде кедендік бақылаудан өткендей өткізеді екен. жалпы «Хан шатыр» сияқты моллдардың барлығында солай өткізеді.
бұл және басқа бассейндер немесе хауыздар жылытылады. су жып-жылы. ))
мына жердегі бағы-бағдар көрсетіп тұратын стрелкалары қызық орналасқан. сол стрелка бойынша жүрсең, басқа бір жер болып шығады. жалпы, өзі қалада жолда тұрған стрелкалар да біздегілерден айырмашылығы бар. мысалы, бізде төмен көрсетіп тұрғаны, оларды түзу кетесің. ))
мына бассейндер жарыққа шағылысып көрініп тұр. ар жақ қап-қараңғы болып тұрғаны теңіздің жағасы және өзі.
мынау қалашықтың ортаңғы жағы. анау кісі жүріп келе жатқан көпірдің астында бассейн жатыр.
резиденцияның алдынан түсіріп тұрмын. осы жағында анау ғимараттардың арасында біздің номерлер бар.
қонақ үй ғимараттарының арасы. қылтималарынан хандар мен ханзадалар, беттері жабық ханшайымдар мен ханшалар шыға еліп, қылтиып қарап тұратын сияқты. )))
бұл жерде де кішкентай амфитеатр салып қойыпты.
мына тұрған мен бассейнде. теңіз суынан кейін бассейнге келгенде теңіз суының денені көтеретініне үйреніп қалады екенсің де малтып-жүзген кезде, кәдімгідей ентігіп қаласың. қараңғы емес, бірақ қараңғы сияқты болып қалыпты.
Мына жерде "Әли баба және 40 қарақшыны" оқиғасына кіріп кеткендей болдыым...қорқынышты тағы...
