Ескі архив · 10.04.2013 13:17

Бұлdirty ауылы

Орал — Ақтөбе трассасы бойында, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Бұлдырты ауылы – Батыс Қазақстан Облысы Сырым ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы —Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде, Тамды өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны 3000 адам. Ауыл құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі. Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Сырым ауданынан елімізге белгілі тұлғалар шыққан, оның ішінде батыр-шешен Сырым Датұлы-Шынтемір, белгілі ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қадыр Мырзалиев, Алашорда үкіметін басқарған белгілі қайраткер Жаһанша Досмұхамбетов, батыр қолбасшы Тайлақ Бекежанұлы, белгілі педагог-әдіскер Шонанова Ханзада Аронқызы, жазушы Мұқадес Есламғалиұлы және т.б. Аталмыш ауданның тұлғалары мен тарихы туралы толығырақ мына жерден біле аласыздар: www.zkolib.kz/akzhaikonline/kz/sirim.php Айтпақшы, осы ауылда белгілі экстрасэнс Бақыт Жұматова дүниеге келген. ПыСы: Фотоаппаратпен жүрген мені, бұрынғы немістердің бірі шығар деп ойлап қалған және ауылдағы басты нысандармен таныстырған, бала-бақша қарауылы Нұрболға рахмет! 30 емес 20 сурет көрсетіліп тұрса, фотоларды қарамас бұрын төменде орналасқан «тағы да»-ны басыңыз.
Авторы:
MickThatsMyNick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту