Көшіріп алыңыз: Құран сөздерінің мазмұндық анықтамалығы 1.0
Программаның жабық тестіне қатысқан барлық КерекИнфолықтарға алғысымды білдіремін!
2011 жылы молда құрдасым Жомарт Батырбеков (aka kariim) сириялық дінтанушы ғалым Әлу Бәссамның "Құран сөздерінің мазмұндық анықтамалығы"(المعجم المفهرس لألفاظ القرآن العزيز) атты кітабын қазақ тіліне аударып, кітап басып шығарған болатын. Сіздердің назарларыңызға сол анықтаманың электронды нұсқасын ұсынып отырмыз.
Анықтама құрылымы қарапайым әрі оңай. Бірінші сұрақ туындауы мүмкін нысандар тізімі көрсетіледі. Мысалы сізде: «ағаш туралы Құран Кәрім не дейді?» деген сұрақ туса, тізімнен АҒАШ сөзін тауып алып, үстінен екі рет шертесіз. Ашылған терезеде АҒАШ түсінігіне байланысты туындауы мүмкін сұрақтар тізімі шығады. Сол тізімдегі қажетті пунктті түрту арқылы, сіз нысан туралы сөз қозғалған Құран Кәрімнің сүрелері мен ондағы аяттарға сілтемені табасыз.
Кімдерге арналған: теологтарға, мешіт қызметкерлеріне, ізденушілер мен жалпы оқырманға.
Жүйелік талаптар: Windows XP және одан жоғары нұсқалардыің барлығы, 32/64bit. Дискіден бос орын: 10 МБ. RAM: 32 мегабайт және одан жоғары.
Бұған қоса Android/Windows Phone/iOS/Linux (Debian)/MacOS жүйелері мен JVM-ді кез келген қалтафонға арналған нұсқалары тест кезеңіне жіберіліп, осы нұсқаны функционалдық байыту жұмыстары жүргізілуде.
Алыңыз! Пайдаланыңыз! Сынаңыз!
