Ескі архив · 18.04.2013 15:01

Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп...

Зайсан ауданы, Қалихан елдімекеніндегі Ақжон жайылымында байыс тұқымды саулықтар төлдеп жатыр. Жартылай қылшық жүнді, қысқа, құм мен шөлге төзімді, қоңын мойны мен сүбесіне жинайтын байыс қойлары үшемнен тууда. Қара Ертістің бойындағы Ақжон жайылымына барып, керемет көріністі тамашалап қайттым. Атам қазақта сиыр егіз туса біреуін туған-туыс, көршісіне сыйлаған, ал жылқы егіз туса жамандықтың белгісі, соғыс болады деп сенген. Ал қойдың егіз тууы жақсылықтын нышаны болып саналады. Шаруа қожалық жетекшісі Жеңісбек Кәрібаев: -Бас-аяғы 1650 қой бар. Бір айға жуық уақытта 800 бас қойдан 1010 қозы алдық. Алдағы уақытта енді екі жүзден астамы төлдейді. Қозылардың кейбірі қоңырқай түсті болып туылғанмен, екі жарым айдан кейін ақ түсті болып шыға келеді. Ақ түс бояуға да ыңғайлы, сол себепті қолынан іс келетін адам бұл қой терісін пайдаға жарата алады, — дейді. Тоғыз саулықтан туған жиырма жеті қозы аяғынан тұрып, ойнақтап жүр. Қой екі емшекті болғанмен, сүтін үш қозысына да жеткізеді. Алдымен екі қозысын тойдырып алып, ұзақ уақыт өтпей тыпыршып тұрған үшінші қозысының жанына барып емізгені — көрген адамның мейірімін оятып, сүйсіндіретін керемет көрініс. Сол көріністерді сіздер де тамашалай отырыңыздар: Тууға дайындық :) Басы шықты: Қозының басы шыққаннан кейін… Қозысының үсті-басын тазалап жатыр: Бірер сәт бұрын қорғансыз болып жатқан қозы арада ұзақ уақыт өтпей ойнақтап шыға келеді екен: Сақманшылар қозыны көтеріп алып, көлікке апарады: «Анасы» мен «баласын» көлікпен туылған қозылардың жанына апарады: Үшемдер: Қызыл «галстукті»қозы: Бірі маңыраса, бәәәрі маңырайды :))))))))))) Қоңыр қозы: Олар сондай сүйкімді: "Қалды" қозы: Бір-екі апталық ғұмыры болса да, көргеннің көңілінде қалатын әдемі дала гүлдері: Осылайша күнді де батырдық… Тақырыпқа қатысы жоқ сурет:
Авторы:
ademi_alem

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту