Ескі архив · 24.04.2013 11:08

Шақыртумен келетін жігіт

Әр адам өз жұмысын жақсы істесе одан артық жұмыс болмайды екен. бойдақ кезімде кейбір жұмыстарды атқарым. Атқарғанда былай ғой. звандап шақыртып алатын келіншіктер мен қыздар. жұмысымның көбісін күндіз атқаратынмын. түнімен ұйқымды қандырып, азаннан кешке дейін жұмыс. Шақыртумен барған үйде жұмыстың ауыртпағылана қарай кемі жарты сағаттан. үш сағатқа дейін болатынмын. Онша қиын емес, звандап мекен-жайын айтады. өзімнің машинаммен ұшып барамын. бір жаман жері мекен-жайды табу қиындық тудыратын. енді не көп көше көп, үйдің нөмері көп. Барсаң есікті өздері ашады, бірден іске кірісесің, уақыт тығыз. басқалары да шақырып қойған. бармауға тағы болмайды, қу дүние ғой, ақша керек дегендей. барған кезде көбісі келіншектер болатын. байы жұмысқа кеткен, бала-шағасы сабақта. өзі үйде жалғыз. енді жалғыз басты қыздар сирек шақыратын. онда да көбіне жұмыстан кейін қараңғы түсе шақырып отыратын. оған бару қайда, азаннан кешке дейін қара терге түсіп, енді түнде соған барып тұрсам, дымым қалмаған кезде, бармай қоятынмын. сосын әдейі демалыс күндері боспын деп, тек демалыс күндері ғана баратын әдетті шығардым. қой сонымен күтіп алған келіншектер де қызық, барсаң үй халатымен жүре береді. киім ауыстыру деген жоқ. қолдарында май, үстіне құйылған варение, (оның үстіне шекер салып қоятындары да бар) жеп отыра береді. жыным келеді осындайларға. жұмысым белгілі сразу іске кірісіп кетемін, ол қарап тұрады. көбісі жылдам бітіргенімді қалайды, әр жұмыстың өз кайфі бар ғой, асықпай-аптықпай бітірем, кейде көпке созылып кетсе, әңгіме айтып отыратындары да бар. Енді өте сирек кездесетін жағдай жұмысқа бармай қалған үйдің еркегі де мен жұмыс істеп тұрған кезде қалай жұмыс істеп тұрғанымды қарааап тұрады ғой, "үйреніп алайын дегендей". еркек болса, өзі істей салмай ма? мені шақырғанша. Жұмысыма риза болғандақ мақтап жататын. телефонымды таныстарына да берсем бола ма, «оларға да керек едіңіз» деп қиылып тұрады, қалай жоқ дейсің, беріңіз деймін де. әйтеуір бір-бірлеріне мақтап-мақтап жатады «сізді профессионал, керемет істейді, жұмысын жақсы атқарады» деп. қуанып қаламын. сол баяқы сантехник болып жұмыс атқарым жүрген кездерім-ай. РС: жай қызық болсын деп жазып едім қалай екен. (Шаншардағы «пойыз күтіп тұрмынды» көріп, (баяғыда көргенмін ғой) соған ойлап шығарғаным ғой.
Авторы:
neoaskar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту