Ескі архив · 28.04.2013 21:36

Егер объективті қарасақ

Зейнетке шығу жасын ұзартуға жабылып бәріміз қарсы шығып жатырмыз. Ал осы «халыққа қарсы» реформаны неліктен жүргізуді қолға алды екен Марченко деп ойланып көрдіңіздер ма? Халыққа популист саясаткерлер көбірек ұнайды. Олар еш тәуекелге бармайды, жалпы, елге жағатын құр сөздерді, халықтың сүйіктісі болу үшін әлеуметтік саланы қолдау деген оңай жолға шаба береді. Мысалы, қазақ тілі, дәстүрі туралы шулаушылар, зейнетақыны көтеру сынды «халықшылдар». Кімдер екенін іштерің сезген шығар. Бірақ саясатта шын білімді, ел экономикасы деген қиын механизмді түсінетін, «елі деп еңіремесе де», мемлекеттің алдыңғы күнін, экономикалық ахуалын ойлайтын адамдар болады. Экономика жайлы менің де білерім шамалы. Бірақ тіпті мен мына зейнетақы реформасының ең бірінші өзімізге керек екенін түсініп отырмын. Комментарийге "өзіңнің анаң 63-ке дейін жасаса не істер едің" немесе «еден жуушы болып жасайтын апайлар белі бүгілгенше жасай ма сеніңше?!» деп айғайлауға көшпеңдер. Еден жуушылар апайлар Америкада да бар. Өтірік сөйлемейікші, зейнетақы мөлшері қазір елімізде өте жақсы ғой. Сондықтан әуелі неліктен осылайша зейнет жасын ұзарпақшы деп кішігірім зерттеу жүргізіп, тек зар жылаушылардың емес, экономикадан хабары бар адамдармен ақылдасыңдар, Марченконың да ойларын оқыңдар. Объективті болайық! Не болса да бұл реформа точно шенеуніктердің қалталарын толтыру үшін жасалып жатқан зат емес, өзімізге керек дүние.
Авторы:
Nodar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту