Ескі архив · 05.05.2013 20:57

Елбасы жолдауы – жастардың қолдауы!

Елбасы жолдауы – жастардың қолдауы! «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының Қызылорда қалалық филиалының И. Әбдікәрімов атындағы Аграрлы техникалық колледжіндегі бастауыш бөлімшесі сәуір айының 4 — ші жұлдызында аталмыш оқу орнының концерттік залында «Елбасы жолдауы — жастардың қолдауы!» атты жолдауды қолдаушы жастардың акциясын өткізді. Акцияның мақсаты жастар арасында жолдауды кеңінен насихаттау, жастарды өз елінің патриоты болуға шақыру. Акция барысында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев сөз сөйлеп, жолдауда жастарға байланысты айтылған бағыттарды түсіндіріп, жолдауды насихаттауға шақырды. И.Әбдікәрімов атындағы Аграрлы техникалық колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары да акцияға қатысушы жастарға жолдаудың жастарға берері мол екенін атап айтып, жолдауды қолдауға шақырды. Акция барысында жалынды сөздер айтылып, жастар өз белсенділіктерін танытты. Акция соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, патриоттық әндер айтылды.
Авторы:
NurbolShakir

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту