Ескі архив · 08.05.2013 12:10

Шариғат бойынша жыныстық қатынастағы парыз, сүннет амалдары

Әзіл-шыны аралас бұл әңгімені естігеннен уақыттан бері, әріптестер арасында «парыз амалы», «сүннет амалы» жасадың ба әзілдесіп отырамыз. Басынан бастап айтып берейін. Медреседе білім алып жүрген әріптес ағамның бір жолдасы білімін арттыру жолында Пәкістанға барыпты. Әлемнің әр түкпірінен келген білім ізденушілер Ислам ғұламаларынан білім алып, түрлі шариғи сұрақтарын қойып, жауаптарын алып жатады. Бір күні, осылай сұрақты жан-жақты талқылау болып жатқанда, көптің арасын біреуі «Шариғатта ер мен әйелдің жыныстық қатынасындағы парыз сүннет амалдары қандай?» деген сауал жолдапты. Оған: «Төсек алдындағы аймалау, сүю, құшақтау, тәтті сөздер айту „сүннет амалына кіреді“, ал тікелей байланыс „парыз амалына жатады“ — деп түсіндіріп беріпті.» Оны естіп алған әлгі быратанымыз үйіне келіп әйелін құшақтап, сүйіп, аймалап жатыр екен. Түсінбей тұрған әйелі: «Ау, отағасы не істеп жатсыз» десе, «Сүннет амалын жасап жатырмын» — депті. Сөйтсе әйелі: «Сүннет амалынан не пайда, парызын орындамаған соң!»
Авторы:
Arys_arlany

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту