Ескі архив · 11.05.2013 17:29

Химиялық кастрация: көмегі бар ма?

Жаман жаңалықтарды оқығым/тыңдағым/көргім келмейді, алайда бұл жаман жаңалықтардың болып жатқанын жоққа шығара алмайды. Соның бірі зорлау фактілері. Педофилдер мен зорлаушылар қаншама қыз-келіншектер немесе кішкентай ұл-қыз балаларды зорлап, өмірлерін бұзады (http://www.rus.24.kz/novosti/regiony/item/v-aktyubinskoj-oblasti-iznasil, newskaz.ru/incidents/20130429/5040087.html, tengrinews.kz/kazakhstan_news/dvoynoe-ubiystvo-iznasilovanie-osudili-srazu-10-jiteley-zapadnogo-kazahstana-232842/, tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-astane-iznasilovali-i-jestoko-ubili-devushku-232308/ ). Қылмыскерлер көбіне жазасыз қалып кетеді: жәбірленушілер айтуға ұялады/намыстанады немесе қорқады дегендей себептері көп-ақ. Жаның түршігеді. (( Заңдары қатал Қытайда зорлаудың барлық түрінде өлім жазасы кесіледі: өлімді қылмыскер өзі таңдайды – инъекциямен және ату жазасы… Химиялық кастрацияны ең алғаш рет заңдастырған Польша елі, 2009 ж… Көрші қырғыздар кәмелетке толмағандарды зорлағандарға химиялық кастрация жасауды заңдастырды. Ресей де заңдастырды. Қазіргі заманда адамды физикалық кастрациялау (қазақшасы піштіру ма қалай?), яғни жұмыртқаларын мүлдем кесіп алып тастау адамгершілікке жатпаса керек, сол үшін химиялық кастрацияны ойлап тапқан екен. Химиялық кастрация дегеніміз адам ағзасына тестостерон гормонының түзілуін тоқтататын препарат енгізеді. Сөйтіп, ол жыныстық әрекетке құмарлықты толық басып, еркек гормоны тестостерон функциясының жұмыс істеуін тоқтатады. Ағзаның горомондық тепе-теңдігі бұзылады, яғни жыныс мүшелеріне ғана емес, бүкіл ағзаға кері әсерін тигізеді (қан қысымының жоғарылауы, диабет, остеопороз, беттегі түктің жоғалуы, яғни көсе болу т.б.).
Авторы:
Tyulpan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту