Ескі архив · 16.05.2013 16:34

Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат

Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернатта Жеңістің 68 жылдығына орай Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!» атты мерекелік концерт өтті. Шара аясында қарттар үйінің тұрғындары мен тылда еңбек еткен ардагерлерге жасотандықтардың атынан мерекелік сыйлықтар табысталды. Жиынды өткізудегі мақсат — жастарды ұлтжандылыққа, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Қарттарды құрметтеп, мейірім мен шапағат көрсетуге үйрету. Мерекелік шара соңында, ақсақалды қариялар жасотандықтарғақ батасын берді. Алдағы уақытта да «Жас Отан» Жастар қанатының бекітілген жоспарына сәйкес түрлі бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады.
Авторы:
NurbolShakir

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту