Ескі архив · 25.05.2013 13:00

Жадовская vs Асан Қайғы, fight! Мағауин wins!!!

Көвәріп оқуға ерінетін адамдарға фабуласы: Очм халық барып Мухычқа айтад та, «Мухырло, „Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады“ — Асан қайғыныкі емес!» деп. Оған Мухырло, сонша кітап жазған ғалымның қызығушылығының орнына: "қасымды ауыртпай, жоғалыңдарЧ нақ!" дейді. Ғылыми пактіге қатынасы осындай адамның тарихи кітаптарын оқуға жүрегім дауаламас еді Сауытбек Абдрахманов, ғалым, публицист, «Егемен Қазақстан» (ұзартылып алынды): «ҚойыңызЧ!» Мақалада баян еткелі отырған жайды ауызекі әңгімеде айтқанымызда ағамыздың (Муха — С.К.) дауысы осылайша оқыс шығып кетіп еді. … Ал 1968 жылы «Қобыз сарыны» мен 1971 жылы «Алдаспан» атты кітаптардың жарық көруіне байланысты осы бетбұрыс оқиға сөзін қолданудың еш артықтығы жоқ. Мұхтар Мағауин құрастырып, баспаға әзірлеп, алғысөзін, түсініктерін жазып жариялаған бұл кітап – ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының шығармалар жинағы – шын мәнінде қа­зақ әдебиетіндегі белесті бет­бұрысты тиянақтап берді… … Алдаспанмен» алғаш жеткен жауһар жырлар, шынында да, ауыз ашқызып, көз жұмғызарлықтай еді. Зерделі зерттеуші жылдар бойы жинап жүріп-жүріп, сәтті бір күні біздің төбемізге сау еткізіп төгіп кеп жіберген сол жақұттардың арасынан Асан Қайғының «Таза мінсіз асыл тас» деп басталатын екі шумағы жарқырай көрінетін… І.Есенберлиннің соның артынша жарық көрген «Алмас қылыш» романында мынандай жолдар бар: «… Хан ордасының алдына кілең би, батырлар алқа-қотан отырғаннан кейін Асан Қайғы ай­тысты бастады. Ол алдымен өзі іштегі күйігін сыртқа шығара ел-жұртының қамын сөз етіп біраз толғау айтты. Халыққа тарап кеткен: «Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады», – деп басталатын ұлы толғауын да осы жолы айт­қанды. Бір бунап, бір босатқан науқастай, бойын қысқан жырын бітіріп барып «уф» деп демін алды. Енді ол бида орамалымен күн сүйіп, жел үріп қатпарланған күсті маңдайынан сорғалаған терін сыпыра сүртті» (І.Есенберлин. Он томдық шығармалар жинағы. 6-том. 49-50-беттер)... … Интернетті қарап жібер­сеңіз, Ю.Жадовская деген сөзді теріп жіберсеңіз болды, оның өлеңдері өріп шыға келеді. Сонымен, түпнұсқа мынандай: Лучший перл таится В глубине морской; Зреет мысль святая В глубине души. Надо сильно буре Море взволновать, Чтоб оно, в бореньи, Выбросило перл! Надо сильно чувству Душу потрясти Чтоб она, в восторге, Выразила мысль... Охх Муха, Мухычсың сен, Мухырлосың сен
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту