Ескі архив · 26.05.2013 19:33

Internet Explorer 9/Windows 7. Интернетегі жарнамамен күрес

Интернет парақтарындағы жарнамалар. Орындысы да бар, орынсызы да бар. Интернет парақтарын шолғанда оның мазмұнын сүзгіден өткізсе жақсы болар еді. Internet Explorer 9-дың «tracking protection» мүмкіншілігін пайдаланайық. Түсінікті болу үшін бірден іске көшейік. Internet Explorer 9 көмегімен келесі интернет парағын ашып http://mp3crazy.ru көріңіз де жауып тастаңыз (жарнама барына көз жеткіздік). Енді http://gavr.in/adblock парағын ашыңыз. Add Evgeny Gavrin's TPL сілмесіне басыңыз, сол кезде сұхбат терезесі қалқып шығады. Сұранысына оң жауап береміз. Қайтадан mp3crazy.ru/ интернет парағын ашамыз. Парақтың бірнеше жерінде бос орындар пайда болады. Бұл орындарда жарнама болған. Жазбаға негіз болған деректер http://habrahabr.ru/post/113881 парағынан алынған. Ескерту: сүзгіні қосқаннан кейін кейбір интернет парақтарының интерактивті элементтері (101.ru) дұрыс қызметін атқармауы мүмкін. Осындай кезде сүзігіні тоқтатуға болады. Cүзгінің қосқанға дейін: Сүзгіні қосқан соң:
Авторы:
bake

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту