Ескі архив · 31.05.2013 22:04

Әтөш. Балалар күніңмен!

Биыл біздің Айбек 5-ші класты бітірді. Соңғы бір-екі жылдардың күндері өткен сайын еститіні: -Сен енді кішкене бала емессің, үлкенсің. Баланың қылығын істеме! Тағы да сол секілді сөздерді еститін. Бәрінің мағынасы «сен үлкенсің, балалық қылықтан арыл» дегенді түсіндіреді. Көптен күткен жазғы оқу демалысында ата-аналары уәде еткен жаңа жасөспірімдерге арналған велосипед сатып беруін күтіп жүр. Маусым айының бірінші сенбісі ата-анасының демалыс күндеріне сәйкес келетін болып шықты. Сол күні велосипед сатып алынатын күн болып тағайындалды. Күткен күн де жетті. Ата-аналары Әтөшті ертіп алып, базарда велосипед таңдап жүр. Сатушы сауда «балаларды қорғау күніне» сәйкес келгендіктен: -Таңдауларыңыз жақсы. «Балалар күніне» орай балаңызға жақсы сыйлық болады, -дегенде, Әтөш ұялғанынан: -Мен бала емеспін, -депті. Бірақ Әтөш базардан үйіне қайтқанда қуанып келе жатыр. Жаңа велосипед иесі атану қандай болса да, баланы қуантатыны сөзсіз еді. Мына жазбаның мән-мағынасы не? -деген сұрағыңызға жауап бере кетейін. Жақсы бір лозунг бар еді: «Баланың балалық шағын сақтаңдар!» деген. Үлкендер, баланың балалық шағын ұрламайық.
Авторы:
bake

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту