Жарымжан әйел
Денесімен де жанымен де азап шегіп жүрген әйелдерге арналады...
Өзім осындай кітаптарды оқығанды ұнатам. Бұл кітаптардың көбі өмірде бар адамдардың өмірлік сырлары, құпиялары, мұңдары…
Хадидың «Искалеченная» кітабын 2010 жылы бір рет оқып шыққам. Мүмкін жас болған шығармын, байыбына жетіп түсіне алмадым. Кешеден бері қайта оқып шықтым. Бұрын оқысам да оқып отырып қайта жылап отырдым… Иа, мүмкін кейбір адамдар айтқандай бұл патриахатты жоққа шығарудағы феминисткалардың жазған кітабы дерсіздер. Бірақ, қанша ойдан шықса да соншалықты қатыгездіктің өмірде бар екенін рас. Кітапты оқып алып автор жайлы мәлімет іздеуге кірістім. Хади, өмірде бар адам қазір бельгияда тұрады екен. Расымен төрт баласы бар, шынымен ол да екі қызы да «сүндетке» отырғызылған екен.
Бұл кітаптың басты тақырыбы да сол — қыздардың «сүндетке» отырылуы. Бұл дәстур тарихтан белгілі болғандай египеттің перғауындар билеген заманында да болған. Ислам дінінде бұл әдіске қарсы. Енді суреттерімен көрсеңіз де болады.
Кітаптың жазылғаны бойынша, бұл әйел адамға әкелетін үлкен қиындық екен. Расымен, кейін өзім іздеген ақпараттар бойынша шынымен солай екен. Тіпті адамдардың кейде миға келмейтін осындай топас салт дәстүрлерді ұстанатындары әлі күнге ойландырады. Осындай топас салт дәстүрлер көбіне адамның білімсіздігі мен топастығынан келетін өкінішті…
Кітапты оқып шығуға кеңес берер ем. Тек осындай топас салт дәстүрлерге қарсы шығу мақсатында. Өмірде небір зұлымдықтар бар ғой, сондықтан әр нәрсеге көңілімізді түсірмейікші.
