Қазақша боқта, енеңді ұрайын!
Ескерту: бұл постты моралисттер мен әсіре моралисттерге оқуға болмайды. Оқи қалған жағдайда тағы бір ескерту, бұл тақырыптың моральға түк те қатысы жоқ. Онсыз да ғасырлар бойы бар нәрсені жоққа шығару ақымақтық. Тек жүйелеу ниетінен туындаған ой және мұны насихаттауды көздемейді.
Әкесінің аузын, қазір барлық әлеуметтік желілерде қазақтар орыстың боқтық сөздерін басын жарып, көзін шығарып, ұрып жүр. Лібә, нақ, қойнақ, кетнақ, қойна обшым кете береді. Соңы жоқ. ей, қазақтар, ұят қайда? Ата-бабаң сөзден қалып па еді біреуден дегің келеді. Фейбуктағы Оскар, мұндағы келімсек құрылысшы ма еді, а ия, Гастарбайтердің постынан кейін осындай бір ой келді бізге өз отандық сөздерімізді дамытуымыз керек. Ол үшін барлық қазақ боқтық сөздерін жинап, бір энциклопедия жасау керек, әнәс. Оған міндетті түрде БҒА (Боқтау ғылым академиясын) құрудың қажеті жоқ. Осы жерде-ақ, өзіміз жасап тастайық. Тек тым анайы болып кетпегені дұрыс. Яғни, анайыларын қысқартып, шешес.., әнәс… деп келтірсек те болады. Сондай-ақ, қазақта бет алды боқтай бермейді, ол да өзінше бір салтқа, жөнге бағынады. Соны да ескеріп, қай балағат сөз қай жерде қолданылатынын да қосымша жазсаңыз дұрыс болады. Ал ендеше мен өзімнің білетін біраз ұлттық «көркемсөздер» тізімін ұсынамын: Шешес, әкесінің аузын, енеңді ұрайын, қызыңды ұрайын, аузыңа ссиейін (әжелер қырғын боқтайтын осылай, тіпті кейбіреулері ішіне деп дәлдеп айтатын), қатыныңдыссс (інілер ағасын осылай боқтау салты бар), шешеңдіс (тым дөрекі болса да кей жерлерде бар салт, жасы үлкен аға ініні осылай боқтайды, типа оның мамасы өзіне жеңге болғандықтан бір аяғы меніңкі деген мағынада), әке боқтау жиендерге қолданылады, әкесі жезде болғандықтан осылай боқтап салады. Сонымен бірге көңілі толмаған жағдайды немесе затты да боқсөзге қоса салатыны бар. Біреу атым ауырып қалды деп сылтау айтып жатса: Е, атыңдыс дейді немесе басқа өз ауруын сылтау қылса: Е, аурыңдыс деп бір қояды.
П.С. Обшым, қазақша балағат сөздер туралы қысқаша түсінгенімді жаздым. Егер сіздерде басқа да байлық болса бөлісіңіздер. Жоғарыда айтып өткендей білсеңіздер құр тізе бермей, қайсысы қай жерде, қай жағдайда қолданылатынын да қоса жазыңыз. Мүмкін тіл сияқты мұның да диалектілік ерекшеліктері бар шығар. Оны да біліп жүрейік.
