Футбол әлемінен ерекше оқиғалар
Өз басым футбол десе ішкен асымды жерге болмаса да дастархан үстіне қойып қоятын адамдар қатарынанмын. Футбол әлемі қызықтырса төмендегі ерекше оқиғаларды оқи отырыңыз:
1. Камерунда студенттердің футбол чемпионатында бір командаға 3-0 есебімен техникалық жеңіліс есептелді, оған себеп команда капитаны қарсылас команда капитанының қолын алудан бас тартып, орнына шортасын шешіп… жалаңаш құйрығын көрсеткен. Мұның өзі әдейі жасалған еді, себебі ұтылған команда 3:0-ден үлкен есеппен ұтылғанда төменгі лигага ұшып кетер еді.
2. Испанияның 2-ші лигасының кезекті бір матчында ойын аяқталуға 3 минут қалғанда, қарсылас екі команда ойыншылары төрешіге наразы болып қоршап, сөзбен және іспен ақылға келтіруге тырысты. Бұл жағдайда судья асқан сабырлық көрсетіп алаңдағы 22 ойыншыға қызыл қағаз көрсеткен.
3. Футбол тарихында төреші өзіне қызыл қағаз көрсеткен оқиға 2 рет кездескен: Энди Уэйн «Питерборо Норт Энд» — «Роял Мэйл» матчының төрешісі, Мелвин Силвестр «Саутгемптон Армс» — «Херстборн Таррант Бритиш Легион» матчының бас қазысы. Энди Уэйн кезекті қарсылығын көрсеткен қақпашыға жүгіре барып уақытында өзін тоқтатып өзіне өзі қызыл қағаз берген, себебі қақпашыға қол жұмсауы мүмкін еді. Мелвин Силвестр өзін итерген ойыншыға бірнеше соққы беріп барып өзіне қызыл қағаз көрсеткен.
4. Бразилияда футбол матчы кезінде жел парашютшілер тобын футбол алаңына айдап түсірген. Ең қызығы бір парашютші қақпашыға барып соғылған, сол сәтте қақпашы соққыны қайтаруға дайындалып жатқан еді. Нәтижесінде доп қақпада тулап жатты, судья голды команда қарсылығына қарамастан санайды. Судья мұнысын парашютист «ЖОҒАРҒЫ КҮштердің» араласуымен пайда болды деп түсіндірген.
5. 1969 жылғы Әлем чемпионатын іріктеу кезеңіндегі Гондурас құрамасының Сальвадордан жеңілуі екі мемлекет арасындағы 6 күндік соғысқа себеп болды.
6. Бразилиялық футболшы Джоване Элбер матчтың 1-ші таймында төрешімен сөйлескені үшін сары қағаз алады. Қызығы ол 2-ші таймға ауызын қызыл скотчпен(қазақшасын таппадым) жапсырып шыққан.
Жалғасы бар…
