Ескі архив · 12.06.2013 00:25

Таза қала – жанға дауа!

Жуырда «STOPҚылмыс» республикалық қоғамдық науқаны, «Эко-Сақшы» акциясы аясында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Сырдария өзенінің жағалауына және Қорқыт Ата мемориалдық кешен маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтай оырып, жастарды табиғатты аялауға шақыру. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін білетін жасотандық жастар шараға белсене қатысты. Тазалық жұмыстары кезінде өзен маңындағы күл-қоқыстар түгел тазаланып, арнайы қоқыс тасушы автокөліктерге тиеліп, күл-қоқыс полигонына жіберілді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Авторы:
77777_000_abk

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту