Ескі архив · 26.06.2013 10:56

"KAZsport" - жаңа спорт телеарнасы 1 шілдеден бастап қосылады

"Қазақстан" РТРК" АҚ құрамына енетін «KAZsport» телеарнасы алдағы шілдеден бастап еліміздің барлық аймақтарына жерсерік және кабельдік жүйе арқылы тарайды. Көрсетілетін жарыстар: — Велоспорттан Тур де Франс пен Вуэльта көпкүндіктері — Су спорты түрлері — Жеңіл атлетика — Дзюдо — Көркем гимнастика — Каратэ шито-рю — Грек-рим және еркін күрес — Ауыр атлетика мен шаңғы спортынан Әлем чемпионаты — Волейболдан әйелдер арасында Әлемдік гран-при кезеңдік ойындары — Футболдан неміс бундеслигасы — Қазан қаласында өтететін жазғы Универсиада ойындары — Тенистен Wimbledon турнирі — Волейбол, ауыр атлетика мен велоспорттан Азия біріншіліктері «KAZsport» таратылымын «Отау ТВ», Icon TV, Digital TV және басқа да кабельдік операторлар арқылы іске қосу жоспарланған, сонымен бірге арна Интернет желісінде хабар таратады. Толық ақпарат мында.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту